Канани АҚШ Мемлекеттік департаментінің Ялда түніндегі көпірме сөзіне жауап берді
(last modified Thu, 22 Dec 2022 12:34:31 GMT )
Жел 22, 2022 18:34 Asia/Almaty
  • Канани  АҚШ Мемлекеттік департаментінің Ялда түніндегі көпірме сөзіне жауап берді

ИИР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Twitter-дегі парақшасында АҚШ Мемлекеттік департаментінің Ялда түні көпріме сөзіне реакция білдіріп: «Иран халқына қарсы санкциялар мен барынша қысым жасаушы Ялда түні ирандықтар үшін қолтырауынның көз жасын төгіп отыр»,- деп жазды.

АҚШ Мемлекеттік департаментінің баспасөз хатшысы Нед Прайс жолдауында Ялда түнін сылтауратып, Иранға қатысты араласушы мәлімдемелерін қайталап, Джо Байден үкіметінің Иранға қарсы максималды қысым көрсетудегі сәтсіз саясатын жалғастыратынын мойындады. 

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Насер Канани сәрсенбі күні кешке осы Twitter-де былай деп жазды: «Тәртіпсіздіктер мен лаңкестікке қолдау көрсетіп, #Иран халқына барынша санкциялар мен қысым жасайтын Америка #Ялда түні ирандықтар үшін қолтырауынның көз жасын төкті! Лаңкестердің одақтастары мен қолдаушылары  ауыздарын жауып, Ялда түні өз халқы мен елінің және сионистік режимнің  дағдарыстарын шешу үшін ойланулары керек».

 

Тегтер