Канани: Иранның Шығысқа стратегиялық көзқарасы бар
Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Шығыс елдерімен қарым-қатынастың Иран үкіметі мен дипломатиялық аппаратының басымдылықтарының басында тұрғанын айтып, Иранның Шығысқа көзқарасының стратегиялық екенін атап өтті.
Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Насер Канани: «Ресеймен және Қытаймен қарым-қатынас байыптылықпен және табандылықпен жүргізілетін болады және осы қол қойылған құжаттар мен ынтымақтастықтың жалғасуы біздің ортақ мүдделерімізді қамтамасыз етеді» деді. Pars Тoday хабарлауынша, Канани былай деп қосты: «Шығыспен байланыс басқа жерлерді, елдерді елемеу дегенді білдірмейді, сондықтан Шығыс пен Азияның басқа елдерін дамытумен қатар алыстағы елдермен қарым-қатынасқа да мән береміз. Біз сондай-ақ Иранмен сындарлы қарым-қатынас орнатуды қалайтын кез келген елді құптаймыз».
Канани сондай-ақ Иранның көршілестік саясаты байсалды және өте маңызды басымдықпен әлі де 14-ші үкіметтің елеулі алаңдаушылық орны болып табылатынына сілтеме жасап: «Біздің аймақта әртүрлі мәселелер бар және біз аймақтық ынтымақтастықты мәселелерді шешудің ең жақсы жолы деп санаймыз»,- деді.