Амир Абдуллахиан: Иран аймақтағы ең күшті демократияға ие
Иран Сыртқы істер министрі: «ИИР аймақтағы ең күшті демократиялардың біріне ие және Еуропаның мәселелерді біржақты көріп, араласуды жалғастыруы қабылданбайды»,- деді
Иран Сыртқы істер министрі Хұсейн Амир Абдуллаһиан Испанияның Сыртқы істер министрі Хосе Мануэль Альбарестің телефон қоңырауына жауап беріп, Батыс елдерінің Иранның Әйелдер мәртебесі жөніндегі комиссиядағы мүшелігін жоюдағы қате әрекетін сынап, бұл әрекетті диалог мүмкіндігін жою әрекеті деп бағалады.
Иранның Сыртқы істер министрі сонлдай-ақ Испания үкіметі мен халқын келе жатқан жаңа жылмен құттықтап, келесі жылдың бүкіл әлем халқы үшін бейбітшілік пен тұрақтылық жылы болатынына және Теһран мен Мадрид арасындағы қарым-қатынастардың әртүрлі салаларда одан әрі кеңейетініне сенім білдірді.