Амир Абдуллахиан: Иран ядролық келісімнің соңғы қадамдарын жасауға дайын
Жел 24, 2022 11:16 Asia/Almaty
Иран Сыртқы істер министрі: «ИИР ядролық келісімнің соңғы қадамдарын жасауға және қысымшылық санкцияларды жоюға дайын»,- деді.
Хұсейн Амир Абдуллахиан жұма күні кешке Twitter-де: «Еуропалық Одақтың сыртқы саясат бөлімінің басшысы Жозеп Боррелмен кездесуінде ол ядролық келісімнің соңғы қадамдарын жасауға келісті. Ираннан келісім терезесі мәңгілік ашық емес»,- деп жазды. Иран Сыртқы істер министрі сондай-ақ Украина мәселесін саяси жолмен шешуді қуаттап: «Гуантанамо мен Әбу-Ғұрайб трагедиялары да, Йемен мен Ауғанстандағы әйелдер мен балаларға қарсы қылмыстар да АҚШ-тың басқаларға уағыз айтуына мүмкіндік бермейді»,- деді.