Коронавирустың асқынуын азайтатын ирандық дәрі жаһандық патенттік сертификатқа ие болды
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i66456-Коронавирустың_асқынуын_азайтатын_ирандық_дәрі_жаһандық_патенттік_сертификатқа_ие_болды
Ирандық зерттеушілердің күшімен өндірілген «Saliravira» деп аталатын коронавирустың әсерін төмендететін дәрі жаһандық патенттік сертификатқа ие болды.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Жел 25, 2022 16:19 Asia/Almaty
  • Коронавирустың асқынуын азайтатын ирандық дәрі жаһандық патенттік сертификатқа ие болды

Ирандық зерттеушілердің күшімен өндірілген «Saliravira» деп аталатын коронавирустың әсерін төмендететін дәрі жаһандық патенттік сертификатқа ие болды.

                                              

Ирандық зерттеушілердің күш-жігерімен өндірілген және 1400 жылы маусымда таныстырылған «Saliravira» деп аталатын коронавирустың салдарын азайтуға арналған дәрі жаһандық патент сертификатын алды. Иранның үздік университеттерінің 40-тан астам зерттеушісінің ғылыми күш-жігерімен «Saliravira» Pardis Technology мүшесі «Мим Дару» білімге негізделген компанияда   коронавирусты емдеу және алдын алу үшін толығымен ирандық алғашқы дәрі ретінде шығарылды. Бұл препараттың ішкі тіркеуі өткен жылы жүргізіліп, оны қолдануға ішкі лицензия да алынған. Бұл препараттың жаһандық патенті үшін Еуропадағы беделді компаниямен келісім-шарт жасалды. Бұл дәріде қолданылған шөптердің әрқайсысының вирустармен күресу үшін бірегей қасиеттері бар.