Иранның соңғы 10 айдағы сыртқы саудасы өсті
Иран кедені: «Биылғы жылдың басынан (1401) елдің сыртқы саудасы 88 миллиард доллардан астамға жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 17 пайыздық өсімді көрсетеді»,- деп хабарлады.
1401 жылдың басынан бері (наурыз айынан) Иранның шикізаттық емес экспортының құны 97 843 000 тоннаға жетіп, 43 888 000 000 долларды құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда салмақ жағынан 2%, құндық жағынан 19% өсті.
Осы кезеңдегі Иранның негізгі экспорттық тауарлары тиісінше сұйытылған табиғи газ, пропан, метанол, сұйытылған бутан және пленкалы полиэтилен болды.
Иранның кедендік статистикасы бойынша, бұл елдін ең маңызды экспорттық бағыттары Қытай, Ирак, Түркия, Біріккен Араб Әмірліктері және Үндістан болды.