Теһран халқы Франция елшілігінің алдында наразылық акциясын өткізді
Қаң 09, 2023 22:04 Asia/Almaty
Теһран халқы мен Иранның діни қоғамы Charlie Hebdo басылымының Иранның саяси және діни үлгілеріне тіл тигізгеніне наразылық ретінде Теһрандағы Франция елшілігінің алдына жиналды.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Теһран халқы мен Иранның діни қоғамы осы жиында "Израиль мен Ұлыбританияға өлім", "Көсем бұйрық берсе, жанымызды пида етеміз" деген жазулары бар плакаттар алып шығып, француз басылымының Иранның саяси және діни үлгілеріне тіл тигізгенін айыптап, Франция үкіметінің қорлаушыларды қолдағанына кесімді жауап берді.