Қаң 09, 2023 22:58 Asia/Almaty

Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы Charlie Hebdo француз басылымының әрекетін жиреніш таратып, құндылықтарды қорлаудың айқын үлгісі деп атады.

Насер Канани дүйсенбі күні апталық баспасөз отырысында Charlie Hebdo басылымының діни үлгілерге құрметсіздік көрсеткені туралы: "Француз басылымының бұл әрекеті – жиреніш таратып, басқа ұлттардың, әсіресе мұсылман халықтарының құндылықтарын қорлаудың айқын үлгісі және қатыгездікке итермелеудің бір мысалы",-деді.

Канани Иранда әйелдердің құқығын қорғаймыз деп уәж айтатын елдің мына әрекетіне өкініш білдіріп: "Мұндай сұрқия әрекетпен Иранның ұлттық және исламдық құндылықтарына тіл тигізумен қоса, әйелдердің орны мен дәрежесіне құрметсіздік көрсетілді",-деді.

Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы Ирак үкіметінің бұл күндері Басра қаласында өтіп жатқан Араб елдерінің кубогында "Парсы шығанағы" деудің орнына жалған атауды қолданғаны туралы: "Иран үкіметінің ресми наразылығы Иракқа жарияланды. Парсы шығанағы әрдайым Парсы шығанағы болып қалады. Шетел үкіметтері басшыларының сөздері немесе спорт жарыстарын өткізу бұл тарихи шындықты еш өзгерте алмайды",-деді. 

Тегтер