Қаң 12, 2023 15:44 Asia/Almaty
  • Иран халқының болаттай берік ерік-жігері санкцияларды сәтсіздікке ұшыратты

Иран Президенті: "Дұшпанның Иранға барынша қысым жасап, қыспаққа алуға бағытталған талпыныстары халықтың болаттай берік ерік-жігерінен жеңіліс тапты",-деді.

Ибрахим Раиси бейсенбі күні Парсы шығанағының суын Орталық үстіртке тасымалдау амалын бастау рәсімінде Йезд облысында бір мезгілде 16 су және электр қуаты жобасының басталғанына тоқталып: "Санкция жағдайында орындалып жатқан жобалар Иран халқының дұшпанға қарсы болаттай берік ерік-жігерін көрсетеді",-деді.

Раиси: "Иран үкіметі "Біздің қолымыздан келеді" деген ұранмен Құдай мен халықтың қуатына, елдің әлеуеттеріне сүйеніп, ірі жобалар орындау арқылы елдің қиындықтарын шешуге бел байлап отыр",-деді.

Өнеркәсіпшілермен кездесу, қайта іске қосылған бір өндіріс орнын көру, хазірет Фатима Захраның (с.) туған күнін тойлауға қатысу және үкімет мүшелері мен Йезд әкімшілік кеңесінің бірлескен отырысына қатысу –   Раисидің Йезд облысына біркүндік сапарының бағдарламасы.  

 

Тегтер