Гарибабади Швеция үкіметінің Хамид Нуриге деген әрекетін сынады
(last modified Fri, 13 Jan 2023 03:49:02 GMT )
Қаң 13, 2023 09:49 Asia/Almaty
  • Гарибабади  Швеция үкіметінің Хамид Нуриге деген әрекетін сынады

ИИР Сот жүйесінің халықаралық істері жөніндегі орныбасары және Адам құқығы штабының хатшысы Швеция үкіметінің Хамид Нуриге қатысты әрекетін сынап, бұл әрекетті Швеция үкіметінің заң, сот және адам құқықтары саласындағы тәжірибесіндегі қара дақ деп атады.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Казем Ғарибабади теледидарға берген сұхбатында: «Швеция үкіметі өзін адам құқықтарын талап етуші ретінде таныстырды және кейде оның ИИР-на қарсы адам құқығы саласында ұстанымдар мен әрекеттер жасағанын байқаймыз, бірақ оның өзі адам құқығын басты бұзушылардың бірі болып табылады. Хамид Нуриге әділ сот жүргізілмеді және көптеген айлар бойы оған отбасымен байланысуға және кездесуге тыйым салынған, сонымен қатар оның адвокат алу және қорғау мүмкіндігі өте шектеулі, түрмедегі жағдайы өте ауыр болды»,- деп мәлімдеді. Ғарибабади Нуридің ешбір қылмыс жасамағанын және кінәсіз Швеция түрмелерінде қамалғанына тоқталып: «Швеция үкіметі бұл ирандық азаматты мүмкіндігінше тезірек босатып, шығынын өтеуі керек»,- деді.

Тегтер