Раиси: Әйелдерге құрал ретінде қарау сәтсіздікке алып келеді
Иран Президенті қоғамда әйелдің шетте немесе оқшау қалмауы керегін айтып: "Батыс алпауыттары мен саясаткерлердің әйелге құрал ретінде қарауы сәтсіздікке алып келеді",-деді.
Раиси Халықаралық ықпалды әйелдер конгресіне қатысқан жоғары лауазымды тұлғалармен отырысында Иранда әртүрлі елдердің ықпалды әйелдерінің жиналғанына ризалық білдіріп: "Осы отырысқа қатысып жатқан әйелдер ақылдасып, кеңесе келе әлемде әйелдердің құқықтарын сақтау жолында қадам басады деп үміттенемін",-деді.
Иран Президенті сондай-ақ конгреске қатысушы әйелдердің Ислам революциясынан кейінгі ИИР-дың қоғамда әйелдер құқығын сақтау және оларға көңіл бөлу саласында қол жеткізген құнды тәжірибелерін пайдаланып, осы отырыста жемісті әрекеттестік жасайды деп үміт білдірді.
Раиси: "Шыңдарды бағындыруда әйел мен еркектің арасында еш айырмашылық жоқ. Бұл жолда кім көбірек талпынса, сол ақлақтық, рухани және адамгершілік шыңдарына жетеді",-деп қуаттады.