Қаң 22, 2023 17:06 Asia/Almaty
  • Иран Парламенті 1402 жылға арналған бюджеттің жалпы жобасын дауысқа салды

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісі 1402 жылға (2023 жыл 20 наурыздан басталады) арналған бюджеттің жалпы жобасын дауысқа салды.

Ислам Кеңесі Мәжілісінің депутаттары жексенбі күні1402 жылға арналған бюджеттің жалпы жобасымен келісті. Жобаның егжей-тегжейін талқылау бюджетті реттеу комиссиясының күн тәртібіне қойылды.

Иран Парламентінің ашық жиналысында 1402 жылға арналған бюджеттің жалпы жобасы күн тәртібіне қойылды, бюджетті реттеу комиссиясының есебі тыңдалып, Иран Президенті Ибрахим Раиси бюджет жобасын қорғап шыққаннан кейін үкімет ұсынған бюджеттің жалпы жобасы бекітілді.

Ашық жиналысқа қатысқан 235 депутат бюджеттің жалпы жобасына 169 оң, 54 теріс және 7 қалыс дауыс беріп, бекітті. Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы Мұхаммед Бағер Қалибаф дауыс беру нәтижесін жариялағаннан кейін  жобаның егжей-тегжейін қарастыруды  бюджетті реттеу комиссиясының күн тәртібіне қоюды тапсырды.  

1402 жылға арналған бюджеттің жобасында 1401 жылмен салыстырғанда экономика, қоғам, медицина, ауыл шаруашылығы және басқа салалардағы маңызды көрсеткіштер қарастырылған.

Тегтер