Раиси: Сақшылар корпусы аймақты лаңкестерден тазартты
Иран Президенті Еуропа Парламентінің Сақшылар корпусына қарсы әрекетіне реакциясында: "Сақшылар корпусы лаңкестерге қарсы тұрып, аймақты олардың бүлігінен тазартты",-деді.
Иран Президенті Ибрахим Раиси жексенбі күні Ислам Кеңесі Мәжілісінде 1402 жылға арналған бюджеттің жалпы жобасын талқылау барысында ешбір армия мен қарулы күштің Сақшылар корпусындай лаңкестермен күреспегенін айтты.
Раиси: "Аймақ елдерінің жауапты басшылары мен армиялары Сақшылар корпусының лаңкестікпен күресте басты рөл ойнағанын біледі",-деді.
Иран Президенті: "Егер сардар Сүлеймани мен Сақшылар корпусының жауынгерлері болмағанда, қазір Иран мен Батыс Азия аймағындағы жағдай басқаша болар еді",-деді.
Раиси Сақшылар корпусының еңбегіне алғыс айтып: "Осы айбынды корпусқа күйе жаққысы келетін адамдардың талпыныстары "ғасыр есебі" сияқты сәтсіздікке ұшырайды",-деді.