Қалибаф: Африка – ислам әлемі үшін маңызды мәдени-экономикалық мұрсаттардың бірі
(last modified Sun, 29 Jan 2023 15:19:42 GMT )
Қаң 29, 2023 21:19 Asia/Almaty

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы Ислам ынтымақтастық ұйымының парламентаралық отырысына қатысу үшін Алжирге бармас бұрын тілшілерге берген сұхбатында: "Африка – қазіргі жағдайда ислам әлемі үшін маңызды мәдени-экономикалық мұрсаттардың бірі",-деді.

Иран Телерадио бірлестігінің хабарлауынша, Мұхаммед Бағер Қалибаф: "Ислам ынтымақтастық ұйымының парламентаралық отырысына 20-дан аса парламент төрағасы қатысады. Сондықтан айрықша маңызды болары анық",-деді.

Қалибаф: "Батыс елдерінің ислам үмбетіне қатынасы, исламофобия, Нетаньяху билік басына келгеннен кейінгі палестиналықтардың ауыр жағдайы сияқты жайттарды ескере отырып, осы қысылтаяң кезеңде мұндай конференция өткізу өте маңызды болмақ. Әрине палестиналықтар сионистерге дұрыс әрі орынды реакция білдіріп отыр",-деді.

Тегтер