Канани: Иранның басқыншыларға берген жауабы шешуші әрі өкінішті
Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы мен Ұлттық қауіпсіздік кеңесі кеңесшісінің қоқан-лоққы мәлімдемелеріне Ислам республикасының жауабын шешуші әрі өкінішті деп жариялады.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Насер Канани кеше дүйсенбі күні «АҚШ-тың ИИР-на қарсы қоқан-лоққы мәлімдемелерден туындаған құқықтық және халықаралық жауапкершіліктерді сезініп, мұндай арандатушылық мәлімдемелердің саяси салдары туралы көбірек ойлануы керек. Иран өзінің ядролық әрекеттерінің бейбітшілік сипатын бірнеше рет қуаттап, Халықаралық Атом Қуаты Агенттігінің бірнеше рет берген есептері оны растап, ядролық қаруға ие болу ИИР-ның ұлттық қауіпсіздік доктринасында орынсыз екенін қуаттады»,- деді.