Иранның батысында екі мың соғыс қаруы табылды
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i67320-Иранның_батысында_екі_мың_соғыс_қаруы_табылды
Иранның батысындағы Илам облысында екі мың соғыс қаруы мен 12 мыңнан астам оқ табылды.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қаң 31, 2023 08:14 Asia/Almaty
  • Иранның батысында екі мың соғыс қаруы табылды

Иранның батысындағы Илам облысында екі мың соғыс қаруы мен 12 мыңнан астам оқ табылды.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Иран қауіпсіздік күштерінің талпыныстарымен Илам облысында заңсыз қару-жарақпен айналысатын үш ұйымдасқан топ анықталып, соған байланысты адамдар тұтқындалды. Сондай-ақ қамауға алынғандардан 2 мың дана соғыс қаруы мен 12 мыңнан астам патрон тәркіленді.

Илам қаласында да қомақты мөлшерде мылтық, күкірт, тротил, жарылғыш заттар жасауға арналған шикізат, аңшылық камералары тәркіленді, сонымен қатар оқ пен жарылғыш заттар шығаратын цех жойылды.