Ақп 02, 2023 19:32 Asia/Almaty
  • Раиси: Ұлттық мерекені салтанатты түрде атап өту – халықтың үмітін арттырып, дұшпанның сағын сындырады

Иран Президенті Исламдық үгіт-насихатты үйлестіру кеңесінің міндетін маңызды күндерге назар аударып, революциялық жолды жоғалтып алмауға әрекет ету деп атап: "22 бахман сынды рәсімдерді атап өту жолды жоғалтпау үшін және біреулер халыққа қате жол нұсқамауы үшін керек",-деді.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ибрахим Раиси бүгін, бейсенбі Ислам революциясының Фаджр онкүндігін ұйымдастыру штабының мүшелерімен кездесуінде имам Джавад (ғ.) пен имам Әлидің (ғ.) туған күндерімен, сондай-ақ Фаджр онкүндігінің басталуымен құттықтап, Исламдық үгіт-насихатты үйлестіру кеңесі мен Фаджр онкүндігін ұйымдастыру штабының іс-шараларын түсіндіру джиһадының үлгілері деп атады.

Раиси дұшпандардың үздіксіз күрделі кедергілер тудырып, қысым жасап жатқанына тоқталып, үкіметтің елді дамытуға және халықтың қиыншылықтарын шешуге күш салып жатқанын айтып: "Үкімет бір жағынан санкцияларды жоюға қатысты келіссөздерде абыройлы ұстаным ұстап отыр, басқа жағынан елді дұшпанның талап-тілегіне телміртіп отырған жоқ. Экономиканың әртүрлі салаларында жаңа жолдар ашып, аймақтық және көршілес елдермен қарым-қатынасты қайта жандандырып, санкцияларды залалсыздандыру үшін сыртқы сауданы дамытуға талпынып жатыр",-деді.

Тегтер