Иран Қорғаныс министрлігі ирандық жерсеріктерді ғарышқа ұшыруға арналған жан-жақты бағдарламаны таныстырды
(last modified Fri, 03 Feb 2023 12:44:33 GMT )
Ақп 03, 2023 18:44 Asia/Almaty
  • Иран Қорғаныс министрлігі ирандық жерсеріктерді ғарышқа ұшыруға арналған жан-жақты бағдарламаны таныстырды

Иран Қорғаныс министрлігінің әуе-ғарыш департаментінің баспасөз өкілі осы министрліктің ирандық жерсеріктерді ғарышқа ұшыруға арналған жан-жақты бағдарламасын таныстырды.

Х.ш.ж.с.б 1387 жылы 14 бахман (2009 жыл 2 ақпан) – ИИР-дың ғарыш саласында жұмыс бастаған күні. Бұл күні ирандық ғалымдар мен мамандардың жұмыстары нәтиже берді. Сол күннен бері 14 жыл өтті. Исламдық Иран ғарыш саласында өзіндік стилі бар көрнекті елге айналды.

Иран Қорғаныс министрлігі ғарыш саласындағы басты ойыншы ретінде көптеген жерсеріктасығыштарды жобалап, жасап, ғарышқа ұшырды.

Сейіт Ахмет Хұсейни: "36 мың км биіктіктегі орбитаға шығу мүмкіндігіне ие болып отырмыз",-деді.

Сейіт Ахмет Хұсейни: "Елдің оңтүстік-шығысында орналасқан Систан мен Белуджистан облысындағы Чабаһар ауданында жаңа ғарыш айлағы жобаланып жатыр",-деді.

Иран Қорғаныс министрлігінің әуе-ғарыш департаментінің баспасөз өкілі: "Сарир" жерсеріктасығышын 36 мың км биіктіктегі орбитаға ұшыру үшін жобалау жұмыстары жүргізіліп жатыр",-деп еске салды.

Хұсейни: "Қазір "Сарир" жерсеріктасығышының әрбір бөлшегі сыналып, тексерістен өтіп жатыр. 2025 немесе 2026 жылы ол зерттеу мақсатында ұшырыла бастайды",-деді.

Тегтер