Ислам революциясының жетекшісі: Қадірлі бүлдіршіндер, елдің ұлы әйелдерінің бірі болуға талпыныңдар
Ислам революциясының жетекшісі оқушы қыздардың қатысуымен өткен «Періштелер мерекесі» рәсімінде: «Қадірлі бүлдіршіндер, Аллаға жақын болып, елдің ұлы әйелдерінің бірі болуға талпыныңдар»,- деді.
Хазірет Әлидің (ғ.с.) туған күніне орай кәмелетке толған оқушы қыздардың қатысуымен өткен «Періштелер мерекесі» рәсімінде олар Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеидің артынан мағриб және иша намаздарын оқыды.
Көтеріңкі жағдайда өткен бұл рәсімде оқушы қыздар өміріндегі ғибадат пен құлшылық кезеңнің басталуын тойлады.
Ислам революциясы жетекшісінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, аятолла Хаменеи қысқаша сөз сөйлеп, қыздарды хазірет Әлидің (ғ.с.) туған күні және олардың кәмелетке жетуімен құттықтап: «Айналайын қыздарым, бүлдіршіндерім, кәмелетке жету маңызды мейрам. Өйткені кәмелетке келген сәттен бастап Алламен сырласу мүмкіндікке ие боласындар және Ол сендерге тапсырма беріп, сендерге орындау парыз болады. Алланың пендесі болу дәрежеге жету – адамзат үшін өте құнды дәреже»,- деп айтты.
Аятолла Хаменеи қыздарды мейірімді Алламен дос болуға шақырып: «Сендер бүгіннен бастап нұрлы, мөлдір, таза жүректеріңмен Алламен дос бола аласындар»,- деді.
Ислам революциясы жетекшісі Иран тарихындағы ұлы және ықпалды әйелдердің жарқырауына тоқталып: «Бүгінгі таңда біздің көрнекті және жауапты әйелдер ел мақтанышына айналған ғылыми, практикалық және жиһад салаларында бұрынғыдан да көп еңбек етеді. Сендер де білім алып, кітап оқып, еңбек етіп, ойланып, болашақта елдің біртуар әйелдерінің бірі болуға талпыныңдар»,- деп ақыл-кеңес берді. Ислам революциясы жетекшісі: «Сендер Иран халқы революция кезінде қысымға, бақытсыздық пен кемсітушілікке қарсы бастаған үлкен күресте рөл атқара аласыңдар. Әйелдер осыған дейін де маңызды рөл атқарды, ал бүгінде олардың үлкен жұмыстары мен қызметі туралы кітаптардан оқи отырып, адамдар революция жылдарындағы олардың күш-жігерімен танысуда»,- деді.