Энсие Хазали американдық әйел конгрессменнің міндетінен босатылуына реакция білдірді
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i67408-Энсие_Хазали_американдық_әйел_конгрессменнің_міндетінен_босатылуына_реакция_білдірді
ИИР Президентінің әйелдер және отбасы істері жөніндегі орынбасары АҚШ Конгресінің әйел өкілінің Израильді сынағаны үшін міндетінен босатылуына тоқталып: «Бұл Батыстағы еркіндіктің ақиқаты»,- деді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Ақп 04, 2023 07:43 Asia/Almaty
  • Энсие Хазали американдық әйел конгрессменнің міндетінен босатылуына реакция білдірді

ИИР Президентінің әйелдер және отбасы істері жөніндегі орынбасары АҚШ Конгресінің әйел өкілінің Израильді сынағаны үшін міндетінен босатылуына тоқталып: «Бұл Батыстағы еркіндіктің ақиқаты»,- деді.

АҚШ Демократиялық партиясының мүшесі, мұсылман әйел Ильхан Омар  2023 жылы 2 ақпанда Өкілдер палатасының залында даулы пікірталаспен және  айқай-шумен  қатар өткен дауыс беруде Өкілдер палатасының сыртқы байланыстар комитетінен   босатылды.

ISNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша,  Энсие Хазали өзінің Twitter-дегі парақшасында: «АҚШ конгресінің әйел өкілі Израильді сынағаны үшін міндетінен босатылды»,- деп жазды. Хазали, ықпалды әйелдердің бірінші халықаралық конгресіне сілтеме жасай отырып: «Беделді әйелдер конгресінде Америкадан және Германиядан екі қонақ болды. Біріншісі «Америкада Израильге қарсы сөз айтса, жұмыссыз қалады» десе, екіншісі «Германияда басы кетеді»  деді.  Жиналғандар күлді»,- деп жазды.