Амир Абдуллахиан Венесуэла Президентімен кездесті
(last modified Sat, 04 Feb 2023 05:26:44 GMT )
Ақп 04, 2023 11:26 Asia/Almaty

Каракаста іс-сапармен жүрген Иран Сыртқы істер министрі Хұсейн Амир Абдуллахиан жұма күні таңертең Венесуэла президенті Николас Мадуромен кездесті.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Амир Абдуллахиан мен Николас Мадуро осы кездесуде екіжақты ынтымақтастық пен халықаралық мәселелерді талқылады.

Хұсейн Амир Абдуллахиан бейсенбі күні кешке саяси делегацияның басында Венесуэланың астанасы Каракасқа келді және оны Венесуэла Көлік министрі мен Сыртқы істер министрінің орынбасары қарсы алды. Жұма күні Амир Абдуллахиан Венесуэла Ұлттық ассамблеясының спикері Хорхе Родригеспен, Мұнай министрі Тарик әл-Айсамимен және Венесуэланың вице-президенті Родригеспен де кездесіп, пікір алмасты.