Аташкаде – Натанз қаласындағы 3 мың жылдық тарихы бар ғимарат
Ақп 13, 2023 17:55 Asia/Almaty
Сасанилер аташкадесі немесе Натанз отқа табыну орны "Натанздың төрт аркасы" деп те аталады. Бұл көне тарихи ғимарат Исфахан облысының Натанз ауданында орналасқан.
1800 жылдық тарихы бар аташкаде – Натанз ауданының ең маңызды туристік тартымдылықтарының бірі. Сасанилер заманына тиесілі бұл отқа табыну орны – 2,5 метрлік іргетастың үстіне салынған төрт аркалы ғимарат. Ол Иранның ұлттық мұра тізіміне тіркелген.