Теһран жұма намазының имамы Сириядағы жер сілкінісіне қатысты батыстықтардың әрекеттерін сынады
Теһран жұма намазының имамы Сириядағы жер сілкінісіне қатысты батыс елдерінің әрекеттерін сынап: «Әлемдік қауымдастық бұл сынақтан өтпей отыр»,- деді.
Хадж Әли Акбари: «АҚШ пен Еуропа Сириядағы жер сілкінісінде моральдық құлдырауға ұшырап, өздерінің зұлымдық пен лас ішкі дүниелерін көрсетті»,- деп мәлімдеді. Теһран жұма намазының имамы ИИР-ның Түркия мен Сирияға көмектесу үшін әскері мен жүктерін жібергенін айтып, аймақ халықтары мен Иран халқының талпыныстарымен екі жақын Түркия мен Сирия халқының азаптарының азаюына үміт білдірді. Хадж Әли Акбари Иран президентінің Қытайға сапарына тоқталып: «Бұл сапардың екі елге, сонымен қатар аймақтық және халықаралық жағдайға әсері бар. Олардың кейбіреулерін дәл қазір көруге болады, ал басқалары болашақта көрінеді»,- деді.