Амир Абдуллахиан: Достыққа шақыру – Пайғамбардың (с.ғ.с.) беғсатының адамгершілік қасиеттерінің негізгі құрамдас бөлігі
Ақп 18, 2023 07:22 Asia/Almaty
Иран Сыртқы істер министрі өзінің твиттер парақшасында ардақты Пайғамбардың Мабас күнінің келуімен құттықтап: «Достық пен бейбітшілікке шақыру Пайғамбардың (с.ғ.с.) адамгершілік қасиеттерінің негізгі құрамдас бөлігі болып табылады»,- деп жазды.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Хұсейн Амир Абдуллахиан жұма күні кешке твитінде: «Кешегі ұлы дүниежүзілік соғыстар мен бүгінгі аймақтық және халықаралық сын-қатерлерден шаршаған әлем бейбітшілік пен қауіпсіздік үшін Мұхаммад пайғамбардың (с.ғ.с.) және илаһи пайғамбарлардың тағылымдарына бұрынғыдан да мұқтаж»,- деп жазды.