Фулад үшін Азия чемпиондар лигасындағы құнды жеңіс
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i67808-Фулад_үшін_Азия_чемпиондар_лигасындағы_құнды_жеңіс
Иран футбол командасы Сауд Арабиясының өкілін жеңіп, Азия чемпиондар лигасының келесі кезеңіне өтті.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Ақп 21, 2023 14:54 Asia/Almaty
  • Фулад үшін Азия чемпиондар лигасындағы құнды жеңіс

Иран футбол командасы Сауд Арабиясының өкілін жеңіп, Азия чемпиондар лигасының келесі кезеңіне өтті.

Иран мен Сауд Арабиясының «Фулад» және «Әл-Файсали»  футбол командалары Азия чемпиондар лигасының 1/8 финалында Катардың «Әл-Тхамама» стадионында кездесіп, бұл ойын Иран футбол командасының жеңісімен аяқталды.  «Фулад» командасының капитаны Сасан Ансари 64-минутта «Әл-Файсалидің» қорғаушысы  қателігін пайдаланып, гол салды. Нәтижесінде сайыстың келесі кезеңіне Джавад Неконамның шәкірттері өтті.