Фулад үшін Азия чемпиондар лигасындағы құнды жеңіс
Ақп 21, 2023 14:54 Asia/Almaty
Иран футбол командасы Сауд Арабиясының өкілін жеңіп, Азия чемпиондар лигасының келесі кезеңіне өтті.
Иран мен Сауд Арабиясының «Фулад» және «Әл-Файсали» футбол командалары Азия чемпиондар лигасының 1/8 финалында Катардың «Әл-Тхамама» стадионында кездесіп, бұл ойын Иран футбол командасының жеңісімен аяқталды. «Фулад» командасының капитаны Сасан Ансари 64-минутта «Әл-Файсалидің» қорғаушысы қателігін пайдаланып, гол салды. Нәтижесінде сайыстың келесі кезеңіне Джавад Неконамның шәкірттері өтті.