Ұлыбританияның уақытша сенімді өкілі Иран Сыртқы істер министрлігіне шақыртылды
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i67834-Ұлыбританияның_уақытша_сенімді_өкілі_Иран_Сыртқы_істер_министрлігіне_шақыртылды
Иран Сыртқы істер министрлігі Ұлыбритания билігінің Ислам республикасына қарсы негізсіз айыптауларының жалғасуына наразылық білдіріп, Теһрандағы уақытша сенімді өкілін шақырды.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Ақп 22, 2023 09:26 Asia/Almaty
  • Ұлыбританияның уақытша сенімді өкілі  Иран Сыртқы істер министрлігіне шақыртылды

Иран Сыртқы істер министрлігі Ұлыбритания билігінің Ислам республикасына қарсы негізсіз айыптауларының жалғасуына наразылық білдіріп, Теһрандағы уақытша сенімді өкілін шақырды.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Иран Сыртқы істер министрлігінің Батыс Еуропа үшінші департаментінің басшысы Ұлыбританияның Теһрандағы елшілігінің уақытша сенімді өкілімен кездесуінде негізсіз уәждерді иран-фобиялық саясаттың жалғасы деп атап, Ұлыбритания үкіметін бұл достыққа жат көзқарасты тоқтатуға шақырды. Ол сондай-ақ британдық жаңа санкциялардың саяси астары бар деп тауып: «Иммигранттар мен мұсылмандарға қатысты шектен тыс кемсітушіліктер мен қиянатқа жол беріп, халықаралық заңдарға қайшы босқындарды Руандаға күштеп жіберген ел адам құқықтары туралы айта алмайды»,- деді.

Ұлыбританияның Теһрандағы елшілігінің уақытша сенімді өкілі жағдайды Лондонға мүмкіндігінше тезірек жеткізетінін айтты.