Иран Еуроодақ пен Ұлыбританияның бірқатар тұлғалары мен мекемелеріне санкция салды
Ақп 22, 2023 09:28 Asia/Almaty
Сейсенбі күні кешке ИИР Сыртқы істер министрлігі Еуропа Одағының 13 субъектісі мен 15 адамға және 8 британдық шенеунікке санкция салды.
Fars news агенттігінің хабарлауы бойынша, ИИР Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесінде: «Бұл министрлік жауап әрекет ретінде Еуропа Одағы мен Ұлыбританияның бірқатар тұлғалары мен мекемелеріне лаңкестік пен лаңкестік топтарға қолдау көрсеткені, лаңкестік әрекеттер мен Иран халқына қарсы зорлық-зомбылықты қоздырғаны және ынталандырғаны, ИИР-ның ішкі істеріне араласу, Иран туралы жалған ақпарат тарату, сондай-ақ экономикалық лаңкестік деп саналатын Иран халқына қарсы қысымшылық санкцияларды күшейтуге қатысуы үшін санкция салды»,- деп айтылды.