Иран Еуроодақ пен Ұлыбританияның бірқатар тұлғалары мен мекемелеріне санкция салды
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i67838-Иран_Еуроодақ_пен_Ұлыбританияның_бірқатар_тұлғалары_мен_мекемелеріне_санкция_салды
Сейсенбі күні кешке ИИР Сыртқы істер министрлігі Еуропа Одағының 13 субъектісі мен 15 адамға және 8 британдық шенеунікке санкция салды.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Ақп 22, 2023 09:28 Asia/Almaty
  • Иран Еуроодақ пен Ұлыбританияның бірқатар тұлғалары мен мекемелеріне санкция салды

Сейсенбі күні кешке ИИР Сыртқы істер министрлігі Еуропа Одағының 13 субъектісі мен 15 адамға және 8 британдық шенеунікке санкция салды.

Fars news агенттігінің хабарлауы бойынша, ИИР Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесінде: «Бұл министрлік жауап әрекет ретінде Еуропа Одағы мен Ұлыбританияның бірқатар тұлғалары мен мекемелеріне лаңкестік пен лаңкестік топтарға қолдау көрсеткені, лаңкестік әрекеттер мен Иран халқына қарсы зорлық-зомбылықты қоздырғаны және ынталандырғаны, ИИР-ның ішкі істеріне араласу, Иран туралы жалған ақпарат тарату, сондай-ақ экономикалық лаңкестік деп саналатын Иран халқына қарсы қысымшылық санкцияларды күшейтуге қатысуы үшін санкция салды»,- деп айтылды.