Сардар Хаджизаде: Әлемнің үлкен елдері Иранға мұқтаж
Ислам революциясы Сақшылар корпусы Әуе-ғарыш күштерінің қолбасшысы ИИР-ның ілгерілеуіне тоқталып: «Революция жеңісінің басынан бастап барлық шектеулерге қарамастан болашақ пен табысқа деген үлкен үміт болды және бүгінде үлкен елдер Иранға мұқтаж»,- деді.
Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, бригада генералы Амирәли Хаджизаде дұшпандардың қазіргі уақытта Иранға супер держава ретінде қарайтынын мәлімдеді. Сардар Хаджизаде дұшпандардың исламдық Иранға шабуыл жасау қастықтарына да тоқталып: «Бір кездері Иранның ядролық мәселесі дұшпанның бірінші басымдығы болды, кейін басқарылатын зымырандар мен ұшқышсыз ұшақтар басымдыққа айналды. Тағы бірде жауға қарсы тұрудың бірінші басымдылығына айналатын жаңа мәселе туындайды»,- деп айтты.