Раиси: Көшедегі тәртіпсіздіктерден жеңілгендердің Иранның валюталық шабуылдарына қатысы бар
ИИР Президенті елдегі валюта бағамының тіпті демалыс күндері де өсуіне қатысты: «Иранның валюталық инфляциясына көшедегі тәртіпсіздіктерден жеңілгендердің қатысы бар»,- деді.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, ИИР Президенті Ибрахим Раиси дүйсенбі күні діни басшының өкілдері және жұма имамдарымен кездесуінде: «Ирандағы бағаның кенеттен секіруінің нарық пен сауда бөліктеріне еш қатысы жоқ. Бұл жай ғана инфляциялық күтулер мен экономикада турбуленттілік пен қабынуды тудыру әрекеттерінің нәтижесі, ол сырттан жасалған. Өкінішке орай, кейбіреулер оның отын іштен үрлеп жатыр. Дұшпан Иран ұлтының ілгерілеуіне қарсы жасаған тосқауылдарының сәтсіздікке ұшырағанын көргенде, алдымен тәртіпсіздіктер мен көше толқуларын бастады. Халықтың білімімен, көрегендігімен бұл бүлікте де сәтсіздікке ұшыраған кезде сенімсіздікті арттырып, наразылық тудырып, оны халық дастарханына жеткізу арқылы өз мақсатына жетуге тырысты»,- деп мәлдімдеді.