Күрдістанның әдемі ауылдары
Нау 31, 2023 17:49 Asia/Almaty
Иранның батысындағы Күрдістан облысында әдемі ауылдар бар.
Күрдістан облысында әлі күнге дейін қаймағы бұзылмаған ауылдар бар. Бұл жақтың қолайлы ауа райы мен әдемі панорамалары кез келген туристі тарта алады. Әсіресе Мариван мен Сарвабад ауылдары өз түрінде теңдессіз. Күрдістанның "Масулесі" деген атпен танымал Ураманат ауылы осы аймақта орналасқан. Жап-жасыл табиғат, сарқырап аққан бұлақтар, саз балшық пен тастан жасалған үйлер және жайдары да қонақжай халық Күрдістан ауылдарының ерекшеліктерін құрайды. Олар қым-қуыт қалалық тіршілікті бірер сағатқа ұмыттыра алады.