Сәу 11, 2023 18:40 Asia/Almaty
  • Діни жетекшінің Хобреган мәжілісі: Ливан мен Палестина бірлік арқылы дұшпандардың қастандықтарын залалсыздандыруы керек

Діни жетекшінің Хобреган мәжілісі Халықаралық Құдс күні қарсаңында мәлімдеме жасап: «Ливан мен Палестина халқы мен  саяси партиялар мен ағымдар бірлік, көрегенділік және қырағылықпен дұшпандардың қастандықтарының алдын алуы керек»,- деді.

ISNA-ның хабарлауынша, бұл туралы Діни жетекшінің Хобреган мәжілісі мәлімдемесінің мәтінінде былай айтылған: «Халықаралық Құдс күні – Ислам үмбетінің жаһандық үстемдік пен халықаралық сионизмге қарсылық  күні. Мұсылман халықтары бір айға жуық ораза, ғибадат және Қадір түндеріндегі құлшылық пен дұғалардан кейін және ИИР-ның негізін қалаушы Имам Хомейнидің үндеуіне жауап ретінде Палестинаның езілген халқына қолдау көрсетіп, мұсылмандардың алғашқы құбыласын қорғау үшін көтерілді және бұл езілген халықты сионистік нәсілшіл режим мен оның қылмыстық қолдаушыларына барынша қарсы тұруға шақырады».

Тегтер