Иран Сыртқы істер министрлігі: Мұсылмандар Израильдің қылмыстарына қарсы күресуі керек
ИИР СІМ өз мәлімдемесінде сионистік режимнің адам құқығын ашық әрі жүйелі түрде бұзу және исламдық құндылықтарға құрметсіздік көрсетуді жалғастырып жатқанына тоқталып, ислам елдері мен әлемнің азаттықты талап етуші халықтардың осы режим қылмыстарына қарсы күресуі керегін баса айтты.
Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, ИИР СІМ бейсенбі күні Дүниежүзілік Құдс күніне орай мәлімдеме жасап: "ИИР-дың негізін қалаушы имам Хомейни (р.) Рамазан айының соңғы жұмасын "Дүниежүзілік Құдс күні" деп атағанына 40 жылдан аса уақыт өткенде Палестина мен Құдс ислам әлемінің біртұтастығының символына және кез келген нәсіл мен дінде жапа шеккен адамдардың ақиқатты талап ету символына айналды",-деді.
Бұл мәлімдемеде: "Палестина халқының жанайқайы және басып алынған жерлерде болып жатқан оқиғалардың ақиқаты биыл Дүниежүзілік Құдс күнінде басқа кезден көбірек әлемнің түкпір-түкпірінде әділетті талап ететін жүздеген миллион адамның аузымен айтылатын болады. Палестинаны азат ету ислам әлемінің басты мәселесі ғана емес, адам құқығы мен халықаралық заңдардың ашық түрде бұзылып жатқанының айқын үлгісі ретінде қарастырылады",-делінген.
Осы мәлімдемеге сәйкес, ИИР СІМ 14 сәуір Дүниежүзілік Құдс күні қарсаңында Иранның Палестина халқының заңды қарсылығы мен азаттық үшін күресін қолдауды жалғастыра беретінін айтып, сионистік режимнің қылмыстарына қарсы тұрып, оны тежеу керегіне тоқталып, әлемдегі барша ислам мемлекеттері мен мұсылмандарды аймақ пен әлемнің тұрақтылығы мен қауіпсіздігін бұзып отырған осы обыр ісігіне қарсы күресу үшін және Палестинаның жапа шеккен халқына шынайы қолдау білдіру үшін бірлесуге шақырды.