Раиси: Иранның Палестинаны қолдаудағы ұстанымы өзгерген жоқ
ИИР Президенті Ислам Республикасының Палестинаны қолдау ұстанымындағы табандылығын қуаттап: «Сионистік режиммен қарым-қатынасты қалыпқа келтіру – сатқындық және Палестина халқына қарсы соққы болып табылады»,- деді.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Ибрахим Раиси жұма күні Палестина топтарының басшылары мен қолбасшылары мен Газа халқына Дүниежүзілік Құдс күніне арналған жиынға арнаған бейне үндеуінде: «Осы айдың ұлық шәһиді хазірет Әлиді (ғ.с.) үлгі тұтып, Иран халқы әрқашан жәбірлеушілер мен басып алушылармен күресіп, мазлұмдарға, соның ішінде басып алынған жердің езілген Палестина халқына қолдау көрсеткен және көрсетеді»,- деп мәлімдеді. ИИР Президенті Палестина халқының қысымға ұшырағанына қарамастан қарсыласу қаһарманы болғанын және үлгілі қарсылық көрсеткеніне тоқталып: «Палестина халқының Палестина мен әл-Құдстың азаттығы жолындағы жылдар бойы табандылығы адамзаттың мойындауына лайық»,- деді.