Қалибаф: Биылғы Дүниежүзілік Құдс күнінде ең әсерлі шерулердің бірі болды
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы: "Иран халқы Дүниежүзілік Құдс күнгі шеруге жаппай қатысты. Бұл кейінгі жылдардағы ең әсерлі әрі салтанатты күндердің бірі болғаны анық. Шеру Құдсты азат ету жолындағы күрескерлердің рухын көтерді",-деді.
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы Мұхаммед Бағер Қалибаф жексенбі күні ашық жиналыста: "ИИР-дың негізін қалаушы имам Хомейнидің(р.) бастамасы – сионистік режимнің үстемдігі мен зұлымдығына қарсы күрестің шынайы үлгісі. Рамазан айының соңғы жұмасы Дүниежүзілік Құдс күні деп аталған. Жыл сайын бұл күн Құдсты азат ету жолындағы күрескерлерге рух беріп, қанат бітіреді",-деді.
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы: "Биыл Иран халқы ірі қалалар мен кіші ауылдарда айрықша салтанатты шеру өткізіп, сионист дұшпанды тітіретті",-деді.
Қалибаф: "Исламдық Иран батыл халқы мен дана көсемінің арқасында әлемнің түкпір-түкпіріндегі қарсыласу қозғалысының ең ірі әрі тұрақты демеушісі болып отыр",-деді.