Сәу 21, 2023 17:55 Asia/Almaty
  • Бүгін – шейх Сағдиды ұлықтау күні

21 сәуір (1 ордибехешт) ирандық ақын әрі сөз шебері Сағди Ширазиды ұлықтау күні құтты болсын!

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Сағди Ширазиды танымайтын ирандық кемде-кем. Бұл ақынның шығармалары ирандықтардың өмірімен біте қайнасып кеткен. Сағдидың "Бустан" мен "Гүлістан" кітаптары парсы әдебиеті мен өнерінің бетке ұстар гүлі саналады. Бұл кітаптардың әрбір беті адамға проза мен поэзия әлемінің есігін ашады.

21 сәуір Сағди Ширазиды ұлықтау күні деп танылып, аталып келе жатқанына бірнеше жыл болды. Күн күнтізбесі бойынша екінші айдың алғашқы күндері Сағдиге ғашықтар Иран мен әлемнің түкпір-түкпірінен Ширазға ағылады.

Сағди Ширази ғазал жырлардың ұстазы болған. Ол өз өлеңдерінде ең қарапайым сөздермен терең мағына берген. Бұл ирандық ақын хикмет, уағыз және мысал келтіруде де теңдессіз болған.     

Тегтер