Иранның солтүстігінде Мұнафықтар лаңкестік тобына қатысты арна жойылды
Иранның солтүстігіндегі Боболсар қаласында Мұнафықтар лаңкестік тобына қатысты "Махаллат жастары арнасының" басшылары құрықталды.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Боболсар қаласындағы Сақшылар корпусының қолбасшысы Мұстафа Базванд: "Боболсардың Махаллат жастары" атты арна жастар мен жасөспірімдерді алдап, өз қатарына тартумен айналысқан",-деді.
Мұстафа Базванд: "Бұл арна бүлік басталғалы бері оппозициялық ақпарат құралдарына материал дайындап, шет елде пана береміз деген жалған уәдемен жастар мен жасөспірімдерді тартумен айналысып келді. Ақыры ИИР қауіпсіздік күштерінің күрделі техникалық амалы барысында осы арна басшылары тұзаққа түсті",-деді.
Мұстафа Базванд: "Ұсталған басшылар шетелмен тікелей байланыста болған. Олар ел қауіпсіздігіне қарсы көп әрекет жасаған. Кеше, жексенбі күні сот үкімімен қамауға алынып, олардың парақшалары бұғатталды",-деді.