Қалибаф: Жаһандық жүйеде жаңа ойыншылардың күші үкіметтерден кем емес
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы "Жаңа жаһандық жүйе геометриясы" атты форумда: "Бұл геометрияда назарға алынуы тиіс нәрсе мынау: әлемде жаңа ойыншылар пайда болды. Олардың күші үкіметтерден кем емес",-деді.
Бұл форумды өткізу идеясы Ислам революциясының жетекшісінің сөздері мен Украина соғысына байланысты туындады.
Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Мұхаммед Бағер Қалибаф кеше, сәрсенбі күні осы форумда: "Жаңа жаһандық жүйе геометриясында назарға алынуы тиіс нәрсе мынау: әлемде жаңа ойыншылар пайда болды. Олардың күші үкіметтерден кем емес. Түрлі елдерде геосаяси көзқарас бұрынғыдан қарағанда көбейе түсті",-деді.
Қалибаф: "21 ғасыр саяси экономика, мәдениет пен техника тұрғысынан Азия құрлығының ғасыры болмақ",-деді.