Маусым 05, 2023 22:48 Asia/Almaty
  • Иран Президенті:

Ибрахим Раиси "15 хордад" тарихи көтерілісінің 60 жылдығына орай өтетін ұлттық конгресті ұйымдастырушылармен кездесуінде: "Имам Хомейнидің (р.) осы тарихи күн туралы жолдауының негізі – оны Ислам революциясын жасау жолындағы бетбұрыс нүктесі ретінде есте сақтау",-деді.

Иран Президенті сондай-ақ 15 хордад көтерілісін есте сақтап, контент тудыру үшін оқушылар, студенттер мен зерттеушілерді пайдалануды осы конгрестің маңызды міндеттерінің бірі деп атады.

Ибрахим Раиси өз сөзінің бір бөлігінде Пишва, Варамин мен Қарчак тұрғындарының метро салу және егіс алқаптарын сумен қамтамасыз етуге қатысты талап-тілектеріне тоқталып, облысқа сапардың қаулысын жылдам орындау керегін айтты.

 

Тегтер