Иран Мәжілісі төрағасы: Имам Хомейни (р.а.) «қолымыздан келеді» мәдениетін жаңғыртты
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы 15-ші Хордад көтерілісін еске алу рәсімінде: «Имам Хомейни (р.а.) «біз қолымыздан келеді» мәдениетін жаңғыртты»,- деді.
ISNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Мұхаммад Бақер Қалибаф кеше (дүйсенбі) Ислам революциясының Ұлы жетекшісінің қайтыс болған күнінің жылдығы мен Гилан облысының Рудбар қаласындағы 15 Хордадтың қанды көтерілісін еске алу рәсімінде: «Кейбір жағдайлардың ислам елдері саласында да, халықаралық салада да жаһандық әсерлері бар»,- деп мәлімдеді. Қалибаф хордад айын батыс мәдениеті мен батысшылдыққа қарсы күрестің символы деп атап: «Үстемшілдік пен сионизм дін мен исламды қоғамдардан түбегейлі алшақтатуға тырысты, сондықтан имам Хомейни (р.а.) қозғалысы үстемдікпен күресті»,- деп тоқталды.