Қалибаф: Қарсыласу майданы бұрынғыдан да күшті болады
(last modified Sun, 18 Jun 2023 07:58:26 GMT )
Маусым 18, 2023 13:58 Asia/Almaty
  • Қалибаф: Қарсыласу майданы бұрынғыдан да күшті болады

Иран Ислам Кеңесінің төрағасы Палестина Исламдық жиһад қозғалысының бас хатшысымен кездесуінде қарсыласу майданының бұрынғыдан да күшейетінін айтты.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Мұхаммад Бақер Қалибаф  кеше сенбі күні Теһранда  Зияд әл-Нахалемен кездесуінде бүгінде Палестина ислам әлемінің ең маңызды мәселесі болып табылатынына тоқталып: «Ислам революциясы илаһи дәстүрлерге негізделген және халыққа арқа сүйейтін қарсыласу рухымен ислам елін оятты. Барлығы бірігіп, сионистік режимге қарсы күресіп жатқан топтар мен қозғалыстар арасындағы қарсыласу мен бірлік осы уақыттан бастап үздіксіз жеңістерге жетті»,- деді.

Зияд Нахале ИИР-ның әртүрлі елдердің қысымдарына қарсы бұрынғыдан да тұрақтырақ екеніне және соңғы оқиғаларға тоқталып: «Соңғы соғыста қарсыласуға үлкен қысым жасалды, бірақ Палестина қарсыласу майданы сионистік режимнің көптеген әскери орталықтарын нысанаға алып, олардың әскери техникаларына көп шығын келтіре алды»,- деп мәлімдеді.

Тегтер