Ислам революциясының жетекшісі Өзбекстан Президентін қабылдады
Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеевпен кездесуінде екі елдің теңдессіз тарихи, мәдени және ғылыми жақындықтарына тоқталып: "Осы ортақтықтарды түрлі салаларда қарым-қатынасты дамыту үшін пайдалану керек",-деді.
Ислам революциясының жетекшісі екі ел қатынасының қайта жанданғанына ризалық білдіріп: "Өкінішке қарай, ұзақ жылдар бойы Иран мен Өзбекстанның қарым-қатынасы өте шектеулі болды. Осы жолғы Теһранға сапар және өткізілген келіссөздер екі елдің келешек қарым-қатынасында жағдайды жақсартуға септігін тигізеді деп үміттенемін",-деді.
Аятолла Хаменеи: "ИИР Өзбекстанды Түркіменстан мен Ауғанстан арқылы халықаралық суларға байланыстыра алады. Өзара әріптестік сауда мен тасымалдан да тыс салаларды қамти алады. Мысалы, ғылым мен технологияда түрлі бастамаларды қолға алып, әріптестікті арттыруға болады",-деді.
Аятолла Хаменеи: "Әрине Иран мен Өзбекстан қарым-қатынасының дамуына қарсылар да бар. Алайда қарсылықтарға қарамастан, екі елдің мүддесін ескере отырып, шешім қабылдап, әріптестікті мүмкіндігінше кеңейту керек",-деді.
Иран Президенті Ибрахим Раиси де қатысқан бұл кездесуде Шавкат Мирзиеев өзінің Ислам революциясының жетекшісімен жүздесуін тарихи оқиға деп атап: "Біз де екі ел қарым-қатынасында туындаған үзіліс пен әріптестіктің азайғанына өкінеміз. Теһранда өткен сұхбаттардың арқасында үлкен қадамдар жасап, сауда, тасымал, ғылым, технология және туризм салаларында әріптестікті тиісті деңгейге жеткіземіз деп үміттенемін",-деді.