Ішкі істер министрі: Барлау органдары лаңкестерді азат қалдырмайды
(last modified Mon, 10 Jul 2023 09:39:49 GMT )
Шіл 10, 2023 15:39 Asia/Almaty
  • Ішкі істер министрі: Барлау органдары лаңкестерді азат қалдырмайды

ИИР Ішкі істер министрі барлау органдарының лаңкестерді азат қалдырмайтынын ескертті.

2023 жылдың 8 шілдесінде (сенбі) 16 Захедан полиция бөліміне кіруді жоспарлаған төрт адамнан тұратын террористік топ полиция күштерінің қарсылығына тап болды және барлық лаңкестердің өлімге ұшырауымен олардың террористік әрекеті сәтсіз аяқталды.

16 Захедан полиция бөлімшесінің екі мүшесі, лейтенант Али Кеиха мен Мобин Рашиди лаңкестерге қарсылық көрсеткеннен кейін шәйіт болды.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Ішкі істер министрі Ахмад Вахиди кеше (жексенбі): «Захедан оқиғасы лаңкестік әрекет болды. Бұл аламдар қарапайым адамдар ретінде кіріп, кейін лаңкестік әрекетті іске асырды. Көрші үкімет шекараға қамқорлық жасап, бақылауға алады деп күтеміз»,- деді.

 

Тегтер