Аятолла Хатами: Хиджабсыздықты тию құрани сипатта болуы керек
Теһран жұма намазының құтпагері хиджабсыздық құбылысымен қатынас түріне тоқталып: "Қатынас мейірім мен гуманизмге негізделуі тиіс. Олар шеттен келген жоқ, осы мемлекеттің қыздары. Хиджабсыздықты тию құрани сипатта болуы тиіс",-деді.
Теһран жұма намазының құтпагері Швецияда тағы Құранға құрметсіздік көрсетілгеніне тоқталып: "Бұл оқиға Швеция үкіметі мен полициясының қолдауымен орын алды. Егер бір жынды ақымақтық жасаса, үкіметті кінәламас едік. Бірақ ел полициясы бұл оқиғаны қолдады. Мұндай ақымақ әрекеттерге алаңдамаймыз, өйткені діннің беделі түспейді. Бірақ Швеция үкіметі мұны қолдағандықтан, мұсылман халықтары оған өкінтерлік жауап беруі тиіс",-деді.
Аятолла Хатами: "ИИР СІМ-ге Швеция елшісін шақыртқаны үшін алғыс айтамын. Ирак үкіметі мен халқына айрықша ризалық білдіремін. Өйткені олар осындай әрекетке жан-тәнімен қарсы шықты. Дінмен ойнау арыстанның құйрығымен ойнағанмен бірдей. Олар Құранмен ойнаудың өтеуі ауыр боларын білуі керек",-деді.