Иранның Жоғары сот төрағасы: Лаңкестік топтар бір-бірлеп сотқа тартылады
Иранның Жоғары сот төрағасы лаңкестік топтарға қатысты істер аяғына жеткізілуі керегін айтып: "Революцияның алғашқы жылдарында халық пен мемлекетке қарсы қылмыс жасаған топтардың кешеуілдеп қалған істерін қарау күн тәртібіне қойылды",-деді.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ғұламхұсейн Мохсени Ежеи кеше, дүйсенбі Сот органының жоғары кеңесінің жиналысында Революцияның басында халық пен мемлекетке қарсы қылмыс жасаған топтардың кешеуілдеп қалған істерін қарау туралы: "Революцияның басында елдегі түрлі әлеуметтік топ өкілдеріне қарсы қылмыс жасаған топтардың істерін қарау үшін арнайы жұмыс тобы мен штаб құрылды",-деді.
Мохсени Ежеи Құранға құрметсіздікті тағы да айыптап: "Мұндай әрекеттер – қаскүнемдер мен сионистер тарапынан ұйымдастырылған қастандық",-деді.