Раиси: Хиджаб шешу қозғалысын міндетті түрде тоқтатамыз
Иран Президенті хиджаб шешу тақырыбында хабарсыздарды ояту керегін айтып, шәһидтердің жанұяларына қаратып: "Хиджаб шешу қозғалысын міндетті түрде тоқтатамыз. Алаңдамаңыздар",-деді.
Иран Президенті Қасиетті кесенелерді қорғаған шәһидтерді еске алу рәсімінде: "Шәһидтер өз заманының ағартушылары екенін көрсетті. Олар қоғамның қажеттіліктерін біліп, әсерлі рөл ойнауға дайындалды",-деді.
Иран Президенті ирандық күштердің аймақта орналасуына тоқталып: "Біздің күштеріміз аймақта қауіпсіздік тудырады. ИИР күштері барған жердің бәрінде қауіпсіздік орнады",-деді.
Раиси: "Шәһидтердің мәңгі есте қалу құпиясы – Алланың ризалығы үшін қызмет етуі. Жер мен заман барда олар жасампаз рөл ойнай береді",-деді.
Раиси: "Біз қазір заманауи жәһілдікке душар болып отырмыз. Жәһілдік медиа империяның құралдарымен жабдықталған. Заманауи жәһілдікті әшкерелеп, бетпердесін шеше алатын жалғыз құдірет – шәһидтердің қаны",-деді.
Раиси сардар Сүлейманидің шәһид болғанына тоқталып: "Қазіргі таңда дұшпанға шәһид Сүлейманидің қаны оның өзінен қатерлірек. Шәһидтердің қанының жолдауын түсіну үшін еститін құлақ керек",-деді.