Орталық банк басшысы: Иранның Оңтүстік Кореяда бұғатталған активтерінің бәрі босатылды
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i71716
Иранның Орталық банк басшысы Оңтүстік Кореяда бұғатталған активтердің бәрі босатылғанын хабарлап: "Бұл қаражат санкцияға салынбаған тауарларды сатып алу үшін банктік төлем ретінде қолданылады",-деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Там 13, 2023 22:42 Asia/Almaty
  • Орталық банк басшысы: Иранның Оңтүстік Кореяда бұғатталған активтерінің бәрі босатылды

Иранның Орталық банк басшысы Оңтүстік Кореяда бұғатталған активтердің бәрі босатылғанын хабарлап: "Бұл қаражат санкцияға салынбаған тауарларды сатып алу үшін банктік төлем ретінде қолданылады",-деді.

ISNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Мұхаммедреза Фарзин Х-тегі жеке парақшасында валюталық дипломатия тобын Оңтүстік Кореяда бұғатталған активтерді босатуымен құттықтап: "Жеткен жетістігіміз кез келген талдаудан жоғары. Әрине бұл үдеріс жалғасады",-деді.

Осы мәліметке сәйкес, Иранның басқа бірнеше елдегі активтері жуырда қолжетімді болады.