Ширазда қылмыс жасағандар мен бұйрық бергендердің жазасы ауыр болады
(last modified Mon, 14 Aug 2023 16:36:33 GMT )
Там 14, 2023 22:36 Asia/Almaty
  • Ширазда қылмыс жасағандар мен бұйрық бергендердің жазасы ауыр болады

Амир Абдуллахиан әлеуметтік желідегі жолдауында хазірет Ахмед бен Мұса(ғ.) кесенесінде жасалған лаңкестік әрекетті қатаң айыптады.

Иран Сыртқы істер министрі: "Ширазда қылмыс жасағандар мен бұйрық бергендер және оны қолдағандардың жазасы ауыр болады",-деп ескертті.

Амир Абдуллахиан сондай-ақ осы оқиғада бір азаматтың шәһид болғанына байланысты көңіл айтып, Алла тағаладан жараланғандардың денсаулық жағдайының жақсаруын тіледі.

Шахшырақ кесенесінде бір лаңкестің оқ атуы салдарынан кесене қызметшілерінің бірі қаза тауып, 8 адам жараланды.  

Тегтер