Қазақстанның Ақтөбе және Иранның Шираз медициналық университеттерінің бірлескен ынтымақтастығы кеңейеді
Иранның Шираз және Қазақстанның Ақтөбе медициналық университеттерінің арасындағы бірлескен ынтымақтастықты нығайту шешім қарастырылды.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Иранның Шираз медициналық ғылымдар университетінің халықаралық істер жөніндегі орынбасары Хасан Сирадж Фарс облысы мен Қазақстанның Ақтөбе университетінің медицина қайраткерлерінің ортақ виртуалды кездесуі аясында: "Екі университет арасындағы ғылыми ынтымақтастық тақырыбы және Ақтөбе университеті басшыларының өтініші бойынша өткен бұл кездесуде екі университеттің мүмкіндіктері таныстырылып, екіжақты білім беру, ғылыми-зерттеу және терапиялық ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды",- деп мәлімдеді.
Қазақстан Ақтөбе университетінің хирургия және трансплантология кафедрасының меңгерушісі, д-р Шин: "Қазақстандағы ең ірі медициналық университеттерінің бірі ретінде бұл жоғары оқу орталығы соңғы жылдары профессорлар мен студенттердің саны бойынша Солтүстік Азия және ТМД елдері деңгейінде айтарлықтай жетістіктерге жетті",- деді.